Создать сайт на a5.ru№1 директор жанындағы мәжілістің шешімінің орындалуы туралы
Сабақтан себепсіз қалған оқушылардан түсініктеме алынып, ата-аналарына ескерту жасалды.Қазан айында ол оқушылар сабақтан қалған жоқ
Үйірме, факультатив сағаттары келісілген кесте бойынша жүргізіліп жатыр. Журналдары уақытында толтырылып отыр, гимназиядағы тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Тұрсынова А.А. бұл жұмысты өз бақылуында ұстап отыр.
1 сыныпоқушыларымен психолог Шокалакова диагностика жасап, соның нәтижесі бойынша жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізіп жатыр.
«Kundelik.kz»-пен пән мұғалімдері жүйелі жұмыс жасап отыр, көбінесе туындап жатқан проблемалар: ата-ананың, оқушының кірмеуі, кейбір сабақтардан үй тапсырмасының уақытылы жазылмауы, жаңартылған сыныптарда ата-анаға пән мұғалімдерінің баласы туралы комментарий жазбауы сияқты болып отыр.
Мектепте құрамында ата-аналар бар броераждық комиссия құрылған, комиссия мүшелері график бойынша асхана тамағын үнемі тексеріп отыр, баланың дұрыс тамақтануына мейлінше мүмкіндік жасалып отыр.
Әр айда сәрсенбі күні 11 сынып оқушыларымен қорытынды аттестацияға дайындау тесті жүргізізеді. Сол тест бойынша оқушылардың әр пән бойынша дайындық деңгейі бақыланып, даму динамикасы жасалып, мұғалімдер мәжілісінде талданып отыр.
№2 директор жанындағы мәжілістің шешімінің орындалуы туралы
І тоқсан қорытындысы бойынша жүргізілген әкімшілік бақылау жұмысы мен ТЖБ нәтижесі бойынша қараша айында түзету жұмыстары, қосымша сабақтар жүргізілді. Сабақтарына қатысу барысында ТЖБ-дан төмен балл алған көптеген оқушылар белсенді іс-әрекет көрсетіп, жауап беріп отыр. Жаңартылған бойынша жаттанды оқып жүрген оқушылар БЖБ,ТЖБ кезінде төмен балл алып қалып жатыр. Жұмыс нәтижесі №2 ТЖБ жұмыстарында көрінеді, №2 ТЖБ-ға оқушыларды қазірден бастап дайындап жатыр, пән мұғалімдері.
Сабақтан себепсіз қалған оқушылардан түсініктеме алынып, ата-аналарына ескерту жасалды.Қазан айында ол оқушылар сабақтан қалған жоқ
Үйірме, факультатив сағаттары келісілген кесте бойынша жүргізіліп жатыр. Журналдары уақытында толтырылып отыр, гимназиядағы тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Тұрсынова А.А. бұл жұмысты өз бақылуында ұстап отыр.
Бастауыш сынып мұғалімдері сабаққа қатысу барысында , әсіресе математика сабағында мәтін есептерге көп көңіл бөлмейді, бөлсе де сабақ барысында бір есеп қана шығарып жатыр . Осыған байланысты мұғалімдерге тапсырма беріліп А деңгейінің есептерін ауызша шығарып В,С, деңгейіндегі логикалық ойлау, танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған есептерді көбірек шығартуға көңіл бөлініп отыр.
11 сынып оқушысы Б.Куват денсаулығына байланысты үйде оқиды, арнайы сабақ кестесі жасалып, пән мұғалімдері бекітілген, қазан айында анасы Астанаға емге алып кетті.
№ 3 директор жанындағы мәжілісте қабылданған қаулының орындалуы туралы
